АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР

05.03.2021

1 наурыз бен 3 наурыз аралығында «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК алғыс айту күніне арналған іс-шаралар өтті.

1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді. «1 наурызды жыл сайын барлық этностың бір-біріне мейірбандық танытатын күн. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі».

Алғыс айту күнін мерекелеуге байланысты колледжде бірқатар іс-шаралар өткізілді.

1 наурыз күні колледж кітапханасында «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытушысы Д.С.Ахметова 1 курс студенттерімен «Менің Отаным – Қазақстан» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты Қазақстан халықтары арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру, толеранттылық пен бір-біріне құрметпен қарауды тәрбиелеу болды.

11 топ студенттері Күзентаев Саян мен Фаизова Регина осы мерекенің тарихы туралы айтып берді, содан кейін студенттер Қазақстанның ұлттық диаспораларының тарихымен танысты.

2 наурызда «Өзін - өзі тану» оқытушысы Д.С.Ахметова «Алғыс жүректен шығады» атты әңгіме өткізді. Әңгіменің негізгі міндеті студенттерге мерекені өткізудің мақсаты, ортақ тарих негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту, бірлесіп бастан кешкен қиындықтарды еске алу, Қазақстанға жер аударылған басқа ұлттарға құрмет пен қамқорлық көрсеткен қазақ халқының мейірімділігі туралы айту болды.

3 наурыз күні колледж кітапханасында «Өзін - өзі тану» оқытушысы Д.С. Ахметованың «Алғыс айту парызымыз» атты өзін-өзі тану сабағы өткізілді.

Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Бұл күн жастарға адами қарым-қатынастың құндылығын, адалдықты, борыш пен жауапкершілік сезімін еске салуға арналған. Айналадағыларға қамқорлық жасау біздің жүрегімізде махаббат, ризашылық пен мейірімділік сезімдерін тәрбиелейді. Адамдар үлкендерді және бір-бірін сыйлап, құрметтей білген ортаның болашағы зор екенін ұмытпауы керек.



Текст
Виртуальная приемная